Қызғалдақ жұлған студент қыз 11 миллион айыппұл арқалауы мүмкін
- авторjambylinfo.kz
- 16 сәуір, 2024
- 757
Түркістан облысының полиция департаментінің хабарлауынша, студент өте сирек кездесетін, "Қызыл кітапқа" енген Греиг қызғалдағының бір шоғын теріп, "Тик токка" түскен. Бұл іске байланысты полиция іс қозғап, қызға 11 миллион теңге айыппұл салынуы мүмкін екенін алға тартып отыр.
Айта кетейік, сирек кездесетін өсімдіктерді, соның ішінде "Грейг" қызғалдағын жұлғандар қылмыстық кодекстің 339-бабы 1-тармағы бойынша жауапқа тартылады. Аталған бап бойынша кінәлі деп танылған адамға 3 мың АЕК (11 млн 76 мың теңге) мөлшерінде айыппұл салу немесе 3 жылға бас бостандығын айыру/шектеу болмаса 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы қарастырылған.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз