бейсенбі, 15 мамыр, 2025 3:22

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Түркияда инсульт алған ер адам өз ана тілін ұмытып қалды

Түркияда инсульт алған ер адам өз ана тілін ұмытып қалды
qazaqparat_kz
67 жастағы Рахми Карадемир тізесіне ота жасатқан

Түркияда инсульт алған ер адам өз ана тілін ұмытып қалды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz qazaqparat_kz ге сілтеме жасап

67 жасар ер адам Рахми Карадемир тізесіне ота жасатқан. Кейін оның оң қолы мен аяғы әлсіреп, сөйлеу қабілеті бұзылған. Жедел диагностикадан кейін миының сол жағындағы ірі артерияның тромбпен бітелгені анықталды.

Ер кісіге дәрігерлер жедел ангиография жасап, тромбты алып тастады. Процедурадан кейін негізгі неврологиялық белгілер тез жойыла бастады.

Науқасқа ота жасаған профессор Гекхан Оздемир бұл сирек кездесетін құбылыс екенін айтты.

«Медициналық әдебиетте бірнеше тіл білетін адамдарда инсульттан кейін бір тіл жоғалып, екіншісі күтпеген жерден белсенді болатын сирек жағдайлар сипатталған. Инсульттан кейін кем дегенде бір тілде сөйлеу қабілеті қалса, бұл кейінгі оңалту үшін маңызды артықшылық», — деді Оздемир.

Аяжан Дәулетбекқызы
Автор

Аяжан Дәулетбекқызы

Аяжан Дәулетбекқызы

Ұқсас жаңалықтар