сенбі, 17 мамыр, 2025 23:56

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Депутаттар Жетібай ауылындағы инновациялық су үнемдеу технологияларын жоғары бағалады

Депутаттар Жетібай ауылындағы инновациялық су үнемдеу технологияларын жоғары бағалады
Фото: Jambylinfo.kz
Парламент Мәжілісінің депутаттары Жамбыл облысына сапары барысында Байзақ ауданында орналасқан "Жетібай" шаруа қожалығының су үнемдеу технологияларын қолдану тәжірибесімен танысты.

Делегацияны қожалық басшысы Бекнұр Каримбаев қарсы алып, Солтүстік Қазақстан облысының (СҚО) тәжірибесіне сүйене отырып енгізілген заманауи су үнемдеу әдістері туралы толық ақпарат ұсынды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

"Жетібай" шаруа қожалығында су ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында тамшылатып суару, автоматты су реттеу және алдыңғы қатарлы агротехникалық әдістер қолданылуда. Бұл технологиялар су шығынын азайтып қана қоймай, ауыл шаруашылығы өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Қожалықтың жалпы жер көлемі 690 гектарды құрайды. Мұнда бау-бақша, қант қызылшасы, көкөніс пен қарбыз өсіріледі. Шаруашылықта 7 адам тұрақты түрде еңбек етеді.

Шаруашылық жұмысымен танысу барысында депутаттар өңір үшін су тапшылығы мәселесінің өзекті екенін атап өтіп, мұндай инновациялық тәсілдерді кеңінен енгізудің маңыздылығына тоқталды. 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар