Жаңалықтар
Түркияда өртенген қонақ үйге қатысты 19 адам қамауға алынды
- авторСадуақас Айсұлу
- 27 қаңтар, 2025
- 266

Өрттен 78 адам қаза тапқан еді
Түркияның Болу провинциясында өртенген қонақ үйге қатысты жасалған тергеу сараптамасының алғашқы нәтижелері шықты. Оған сәйкес қайтыс болған 78 адамның 38-і кәмелетке толмаған балалар екені анықталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Өрт кезінде көз жұмғандардың басым көпшілігі түтінге тұншығып өлгені нақтыланды. Сондай-ақ қонақ үйде өрт кезінде автоматты түрде су шашатын жүйесі болмаған. Бұдан бөлек өрт кезінде далаға шығуға арналған апаттық баспалдақтардың есіктері жабық тұрған. Осы оқиғаға қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша қамауға алынғандардың саны 19 адамға жетті.
Олардың ішінде қонақ үйдің иесі, Болу губернаторының орынбасары, өрт сөндіру бөлімінің басшысы сондай-ақ қонақ үйдің бірнеше қызметкері де бар.