жұма, 14 ақпан, 2025 14:03

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Талдықорғандағы оқушы қыздың өлімі: өгей әкесі мен анасы сотталды

Талдықорғандағы оқушы қыздың өлімі: өгей әкесі мен анасы сотталды
Фото: instagram/taldykorgan_today
Олар өз кінәсін толық мойындаған.

 Талдықорғанда кәмелетке толмаған қызын өлтірді деп айыпталған ерлі-зайыптыларға сот үкімі шықты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz  El.kz cілтеме жасап.

Карина Дорохинаның денесі 2024 жылдың қаңтарында Текелі тауларынан зорлық-зомбылық белгілерімен табылған. Аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен полицейлер қыздың өгей әкесі мен анасын ұстаған болатын. 

Сот тергеуі барысында сотталушылардың қылмысты 2023 жылдың күзі (қазан айының басынан қарашаға дейін) аралығында жасағаны анықталды. Ал баланы өлтіру қылмысы 6 қарашада орын алған.

М. (өгей әкесі – ред.) мен Е. (анасы – ред.) кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен, сарапшылардың қорытындылары мен айғақтарымен, сондай-ақ қылмыстық істің басқа да материалдарымен толық дәлелденді. Сот шешімімен М.  өмір бойына бас бостандығынан айырылып, ерекше қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтейді, ал Е. 19 жылға бас бостандығынан айырылып, орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтейтін болды, – деп мәлімдеді Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметінің жетекшісі Нұрсұлтан Орынбасаров.

Сондай-ақ, сотта кәмелетке толмаған марқұмның өкілі сотталғандардың біріне моральдық зиян ретінде 20 миллион теңге өндіріп алу туралы азаматтық талап қойғаны айтылды. Сот бұл талапты ішінара қанағаттандырып, 15 миллион теңге өндіріп алу туралы шешім шығарды.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар