Қытай Халық Республикасында өндірілген 16 бірлік TEG маркалы көліктер «Автобус паркі -2020» ЖШС –не жеткізілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Тараз қаласы әкмідігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл жаңа автобустар №55 және №28 маршруттарға қызмет көрсететін болады. Өндіріс орны Қытай Халық Республикасы, отыратын орын саны – 34, ұзындығы 9,5 метр. Жалпы, «Автобус паркі-2020» ЖШС-гі 9 бағыт бойынша (№11, 28, 34, 38, 46, 54, 55, 60, 61 маршруттар) 100 % алмастырылған. .
Айта кетейік, жалпы қалаға ағымдағы жылы 133 бірлік автобус жеткізіліп, жоспарлы 70 бірлік автобус алу бойынша меже артығымен орындалған. Қала билігі жыл соңына дейін қосымша 42 бірлік автобус жеткізуді жоспарлап отыр.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жәнібек Әлімханұлы Сауль Альваресті шаршы алаңға шақырды
- авторjambylinfo.kz
- 21 қараша, 2024