Тараз қалалық мәслихат депутаты мүмкіндігі шектеулі тұрғынға арба сыйлады
- авторАрайлы Жақсылық
- 11 сәуір, 2025
- 195

Қабылдауға келген қала тұрғыны, жалғызбасты, екі мүгедек балаға қараушы ана мүгедек қызының мәселесімен қайырылды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Айтуынша, ІІ топ тағайындалу керек болған қызына тек мүгедектіктің ІІІ тобы ғана тағайындалған. Қазіргі уақытта қызының жүріп тұруы қиындаған. Көмекшісі жоқ ана қызын ары-бері жалғыз өзі апаратын болғандықтан, тасымалдағанға мүгедек арбасын алып беруге көмек сұрады. Бұған дейін барлық әлеуметтік қызмет көрсететін мекемелерден көмек сұрағанымен, ешқайсысынан қолғабыс болмағаннан кейін, ақырғы үмітін партияға артып келген.
Мәслихат депутаты Мұрат Әзімханұлы жалғызбасты ананың өтінішіне жауапкершілікпен қарап, демеушілік жасады. Бірден қабылдау барысында жаңа мүгедек арбасын алдырып, өтініш иесіне табыстады. Көп уақыттан бері қиыншылық көріп жүрген ана тілеуінің бұлай тез орындалғанына ризашылығын жасырмай партия филиалы мен депутатқа алғысын білдірді.