дүйсенбі, 5 мамыр, 2025 16:31

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Алдағы демалыста ауа райы қандай болады

Алдағы демалыста ауа райы қандай болады
Фото: Jambylinfo.kz
Қостанай және Ақмола облыстарында қатты жауын-шашын болады – тек жаңбыр емес, қар да күтіледі. Дәл осындай ауа райы 14 сәуір, дүйсенбі күні Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Абай, Алматы, Жетісу және Ұлытау облыстарында да болжанып отыр.

"Қазгидрометтің" хабарлауынша, алдағы демалыста еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады, кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ түсуі мүмкін, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Синоптиктердің мәліметінше, еліміз бойынша тұман түседі. 12 сәуір түнінде Батыс Қазақстан мен Атырау облыстарында, 12-14 сәуір аралығында Ақтөбе облысында, 13-14 сәуір күндері Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында 1-3 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін.

Батыс өңірінде ауа райы жылы болады, термометр бағаны +17...+23°C аралығын көрсетеді.

Оңтүстік-батыста күн шуақты, температура +22...+27°C шамасында.

Солтүстік-батыс өңірде +12...+20°C арасында құбылады.

Солтүстік пен орталық аймақтарда ауа райы салыстырмалы түрде салқындау – +10...+15°C.

Шығыс Қазақстанда температура +12...+20°C аралығында болады.

Оңтүстікте күн ыстық – +23...+28°C.

Оңтүстік-шығыста ауа температурасы +18...+25°C шамасында сақталады.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар