«Тараз» футбол клубының жасөспірімдеріне 60 миллион теңгеге жаңа спорттық киімдер алынды
- авторМағжан Орынбасар
- 31 мамыр, 2025
- 194

Атап айтқанда, «Тараз-2012» және «Тараз-2013» командаларына әлемге танымал «Jako» брендінің толық спорттық жиынтықтары табысталды. Жинақ құрамына жаттығу және ойын жейделері, спорттық костюмдер, сөмкелер және өзге де керек-жарақтар кіреді.
Қазіргі уақытта 2012 жылы туған командада 44 бала, ал 2013 жылғы командада 35 бала жаттығуда. Бұл – футбол орталығының ауқымды құрылымының бір бөлігі ғана. Жалпы алғанда, орталықта 11 жас ерекшелігіне сай команда бар. Оның ішінде үш команда QJ League чемпионатына қатысып жүр, ал қалғандары ел біріншілігінде бақ сынауда. Бұдан бөлек, орталықта екі қыздар командасы жұмыс істейді.
Жаңа спорттық киімдерге жұмсалған 60 миллион теңге көлеміндегі қаражат инвестор есебінен бөлінген. Бұл бастама – жас спортшылардың кәсіби деңгейін көтеруге бағытталған маңызды қадамдардың бірі.
Футбол клубының басшысы Мұрат Ағибаевтың айтуынша, болашақта орталықтағы барлық санаттағы командалар кезең-кезеңімен жаңа спорттық киімдермен толық қамтылатын болады.
Сонымен қатар, жасөспірім спортшылардың денсаулығын нығайту мақсатында арнайы спорттық дәрумендер мен дәрі-дәрмектер сатып алынуда. Бұл бастамаға қолдау білдіріп отырған — клубтың серіктесі «Cambridge Lain Taraz» жеке мектебі.
Бүгінде «Тараз» футбол орталығында жалпы 329 бала жаттығады. Олардың ішінде 94 жас ойыншы QJ League додасына қатысып жүр. Ал қыздар саны – 36.
Айта кетейік, жуырда клубқа жаңа басшылық келген болатын. Жаңа басқарма командаға демеушілер мен серіктестер тарту арқылы инфрақұрылымды жаңартуға және жастар футболын дамытуға күш салып отыр.
Таразда "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы өтті
Ұқсас жаңалықтар
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрінің жаңа орынбасарын тағайындады
- авторСадуақас Айсұлу
- 18 маусым, 2025