Таразда 36 жастағы ер адам туған анасын пышақтап өлтірді
- авторjambylinfo.kz
- 16 қыркүйек, 2024
- 611
Тараз тұрғыны анасын пышақтап өлтірді. Қанды қылмыс қала орталығындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған. 36 жастағы ер адам ішімдікке тойып алып анасымен жанжалдасқан, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Жамбыл облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, ұрыс-керіс кезінде ол ас үйден пышақ алып, әйелдің кеуде тұсына сұққан. Жарақат алған жәбірленуші жедел жәрдем қызметі келгенше жан тапсырыпты. Күдікті қамауға алынды.
"Кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері күдікті - жәбірленушінің 36 жастағы ұлын анықтап, ұстады. Ер адам кінәсін мойындап, уақытша ұстау абақтысына қамалды. Тергеу жүргізілуде", -деді Жамбыл облыстық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз