Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен Тараз қаласында заманауи үлгіде жабдықталған білім ордасы ашылды. Оған облыс әкімі Ербол Қарашөкеев қатысып, ізгі ниетін жеткізді. Jambylinfo.kz.
– Облысымызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында тағы бір мектеп ел игілігіне беріліп отыр. Биылғы жаңа оқу жылында дәл осындай мектеп Байзақ ауданы Сарыкемер ауылында ашылған болатын. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы еліміздің барлық өңірлерінде жүзеге асырылуда. Жоба апатты мектептер мен үш ауысымдық оқытуды жоюға бағытталған. Жалпы жоба аясында облыста 12 мектеп салу жоспарланып, жыл соңына дейін қаладағы «Ұлы дала» мөлтек ауданында 1200 орындық білім ошағын ашуды жоспарлап отырмыз. Мектеп ең озық технологиялармен жарақтандырылған. Оқушылардың қауіпсіз білім алуына барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Сондай-ақ, облыста ағымдағы жылы 41 білім нысанның құрылысы жоспарланып, жыл соңына дейін 15 мектептің құрылысын аяқтау көзделуде.Қымбатты оқушылар, сіздердің алаңсыз білім мен тәрбие алуларыңыз үшін барлық жағдайды жасау – біздің басты міндетіміз. Осы білім ошағында ұстаз бен шәкірт, мектеп пен ата-ана байланысы артып, алдыңғы буынның ізгі жолын жалғаған білімді де талантты, бәсекеге қабілетті жас ұрпақ тәрбиеленіп шығарына сеніміміз мол, – деді аймақ басшысы Ербол Шырақпайұлы.
Облыс әкімі жаңа мектепке медиа орталықтың сертификатын сыйлады. Енді мектептің өз медиа орталығында жаңалық тарататын жас тілшілер тәрбиеленбек.
Айта кетейік, жаңа мектептің пайдалануға берілуі «Бәйтерек» мөлтек ауданында орналасқан №3 мектеп-лицейдегі үш ауысымдық мәселесін шешті. Бүгінгі күнге 1485 оқушы қабылданды, оның ішінде 1051 оқушы №3 мектеп-лицейден ауысқан. Еліміздің Білім және ғылым министрлігінің №57 бұйрығының 136-тармағының негізінде №3 мектеп-лицейден 45 педагог ауысу тәртібімен жұмысқа қабылданды. Сонымен қатар, конкурстық негізде де қабылданған мұғалімдер бар. Мектеп екі ауысымда жұмыс істейді.
Жаңа мектептің құрылысын «Samruk-kazyna construction» акционерлік қоғамының үйлестіруімен жүргізген «Integra Construction KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас диреткоры Данияр Рахимтаев №66 мектеп директоры Фарида Шортанбековаға мектеп кілтін табыстады. Жаңа нысанның лентасын облыс әкімі Ербол Қарашөкеев пен ардагер мұғалім Тұрыс Жүнісов қиып, игі істің бастамасына орай ақсақалдар бата берді. Салтанатты рәсімнен соң жақсы іске жиналған меймандар мектеп ғимаратымен танысты. Ғимаратта 165 орынға арналған мәжіліс залы, 59 оқу бөлмелері, 296 орындық асхана, 2 спорт зал, 2 лингафон кабинеті, 3 зертхана, 30 орындық оқу залымен қамтылған 1 кітапхана, 2 компьютер кабинеті, 3 шеберхана, робототехника, 10 коворкинг орталығы бар.
«Жайлы мектеп» жобасы аясында Тараз қаласында тағы 3 мектептің құрылысы жүргізілуде. Оның бірі 600 оқушыға арналып, «Шөлдала» алқабында салынып жатыр. Қалған екеуі «Ұлы дала» ықшам ауданында тұрғызылуда, оның біреуі 1200, екіншісі 2000 орындық. Ал, кеше пайдалануға берілген Жайлы мектептің келісім шарт құны 6 миллиард 57 миллион теңгені құраған.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Белгілі сатирик Толымбек Әлімбекұлымен бенефис өтті
Ұқсас жаңалықтар
«1 млн. 107 600 теңге»: Жамбылдық ұстаздар ақшалай сыйақыға ие болды
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024