жұма, 27 желтоқсан, 2024 0:52

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда анасымен ұрсып қалған жасөспірім қыз үйінен қашып кетті

Таразда анасымен ұрсып қалған жасөспірім қыз үйінен қашып кетті
ашық дереккөзі
Таразда анасымен ұрсып қалған жасөспірім қыз үйінен қашып кетті
Таразда жоғалған жасөпірім қызды Жамбыл гарнизонының бүкіл жеке құрамы іздеді.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қыздың жоғалғанын полицияға анасы хабарлаған. Жасөспірім отбасындағы жанжалдан кейін үйден шығып кеткен, содан қайтып оралмаған.
«Кәмелет жасына толмаған қызды Жамбыл облыстық полиция департаментінің бүкіл жеке құрамы іздеді. Ол баруы мүмкін жерлердің бәрі түгел қаралып, тексерілді. Анасының айтуынша, баланың психологиялық бұзылысы бар, яғни «ақылы аздап кеміс». Полицейлер жасөспірімді табу үшін жақын маңдағы көшелерді аралап, оны көруі мүмкін куәгерлерден жауап алды. Бірнеше сағаттан кейін қыз табылды» деп мәлім етті ведомстводан. Кейін анықталғандай, жасөспірім түзеу класында білім алады. Кешкісін анасымен ұрсып қалғаннан кейін ол мектепке кеткен. Алайда мектепке келгенде онда ешкім болмаған. Қыз білім ошағының жанындағы орындықта отырғанда тәртіп сақшыларының көзіне түскен. «Оның денсаулығы мен өміріне ешқандай қауіп төнген жоқ. Балаға ешкім зәбір көрсетпеген» деп толықтырды департаменттен.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар