Жаңалықтар
Жамбылда заңсыз балық аулаған 150-ден астам балықшы ұсталды
- авторjambylinfo.kz
- 14 мамыр, 2021
- 355
Жамбылда заңсыз балық аулаған 150-ден астам балықшы ұсталды
Жамбыл облысының аумағында «Уылдырық -2021» жедел-алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр.
Іс-шараның мақсаты - балық және балық ресурстарын заңсыз өндіруге, тасымалдауға және сатуға байланысты құқықбұзушылықтар мен экологиялық қылмыстардың алдын алу және анықтау.
- Іс-шараның 27 күнінде жамбылдық полицейлер балықты заңсыз аулаудың 154 әкімшілік құқық бұзушылық дерегін анықтады. 106 адамға қатысты жалпы сомасы екі миллион теңгеге жуық әкімшілік айыппұл салынды, оның 800 000 теңгеден астамы өндірілді, – деп хабарлады Жамбыл облысының ПД ЖПҚБ бастығы, полиция полковнигі Рахымберді Ашкеев.
«Уылдырық» жедел-алдын алу шарасы кезінде полицейлер құқық бұзушылардан 50 келіден астам балық, 550 метр синтетикалық моноталшық торы, тыйым салынған 6 зат (қолдан жасалған балық ұстайтын шанышқы) және бір резеңке қайық тәркілеген.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Анаға тағзым орталығында жеңімпазбен кездесу өтті
- авторСадуақас Айсұлу
- 25 желтоқсан, 2024
Жаңалықтар
25 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 25 желтоқсан, 2024