сәрсенбі, 7 мамыр, 2025 9:38

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда «Дүниежүзілік еңбек күніне» орай семинар өтті

Таразда «Дүниежүзілік еңбек күніне» орай семинар өтті
Фото: Jambylinfo.kz
Шараны ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті ұйымдастырды.

Бүгін Тараз қаласында «Дүниежүзілік еңбек күніне» орай семинар-кеңес өтті, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Жиынды департамент басшысы, бас мемлекеттік еңбек инспекторы Жарылқасын Айтақов ашып, еңбек саласындағы өзекті мәселелер мен алда тұрған міндеттер туралы мазмұнды баяндама жасады. Ол өз сөзінде еңбек қатынастарын реттеу, қызметкерлердің құқықтарын қорғау және қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз етудің маңыздылығына тоқталды.

Семинар Ш.Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығының мәжіліс залында өтті. Жиынға мемлекеттік органдардың өкілдері, жұмыс берушілер, БАҚ журналистері және өзге де мүдделі тараптар қатысты.

Жиын барысында қатысушылар еңбек заңнамасының жаңашылдықтарымен танысып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кездесулер еңбек мәдениетін қалыптастырып, жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы құқықтық сауаттылықты арттырады.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар