
2025 жылдың қаңтар айында облыстық Полиция департаменті 40 есірткіге қатысты заңбұзушылықты әшкереледі, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Оның ішінде аса ірі көлемде есірткі сақтау (8 дерек), сату (3 дерек), өсіру (2 дерек), есірткіні насихаттау және жарнамалау (1 дерек), сондай-ақ ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысу (1 дерек) сынды фактілер тіркелді.
Тараз қаласында полицейлер «үнді марихуанасын» өсіруге арналған фитолабораторияның жолын кесті. Сонымен қатар, синтетикалық есірткі өндірумен айналысқан 4 адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Жалпы, бір ай ішінде заңсыз айналымнан 173 келіден астам түрлі есірткі тәркіленді.
Құзырлы органдар синтетикалық препараттардың таралуына қарсы тиімді әдістерді қолдануда. Соның бірі – әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу. Қаңтар айында «Кибернадзор» жүйесі арқылы есірткіні жарнамалайтын 107 интернет-ресурс бұғатталды.
Алдын алу шараларына да ерекше көңіл бөлінуде. Жоғары және орта оқу орындарында 113 профилактикалық іс-шара ұйымдастырылып, бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде 191 ақпараттық материал жарияланды.
Жамбыл облысының полиция қызметкерлері есірткі қылмысына қарсы күресті күшейтіп, алдын алу шараларын жүйелі түрде жүргізуді жалғастыруда.
Бақытжан Бекболат
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз