жұма, 30 мамыр, 2025 21:36

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда есірткіге қарсы футболдан турнир өтті

Таразда есірткіге қарсы футболдан турнир өтті
Фото: Polisia.kz
Жеңімпаздарға кубоктар мен медальдар, алғыс хаттар табысталды.

Таразда есірткіге қарсы футболдан турнир өтті, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Жамбыл облысының полиция департаменті жастардың дене белсенділігіне деген қызығушылығын арттыру мақсатында жүйелі түрде іс-шаралар өткізіп, оларға ептілік пен икемділікті дамытатын топтық спорт түрлерімен шұғылдануды ұсынады.  Нашақорлыққа қарсы күресте  позитивті және салауатты альтернативті сақтау үшін тәртіп сақшылары  әртүрлі спорттық жарыстарды ұйымдастырады.

Таразда есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері А.С. Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназияда футболдан турнир өткізді. Сондай-ақ қалалық жастар ресурстық орталығы, "Жеңіс" тұлғаны трансформациялау орталығы ұйымдастырушылар қатарынан болды.

 Футбол күш, төзімділік және командалық рухтың символы ретінде таңдалды. Бұл ойын жастарды тәртіп пен жауапкершілікке тәрбиелеп қана қоймай, белсенді өмір салтын таңдай отырып, өз кәсібін табуға көмектеседі, - деді полиция департаменті  есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы  Асқар Жұмабеков. 

Қатысушыларға  "Үздік қақпашы", "Үздік қорғаушы", "Үздік жартылай қорғаушы", "Үздік шабуылшы", "Турнирдің үздік ойыншысы" номинацияларының жеңімпаздары атап өтілді. 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар