жексенбі, 11 мамыр, 2025 14:42

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанда жұмыс орнындағы сексуалдық қысым үшін жазалау тетігі әзірленіп жатыр

Қазақстанда жұмыс орнындағы сексуалдық қысым үшін жазалау тетігі әзірленіп жатыр
Pixabay.com
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыс орнында сексуалдық қысым көрсетуге заңмен тыйым салуды жоспарлап отыр.

Бұл бастама «Ашық НҚА» порталында жарияланған консультативтік құжатқа енгізілген, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Ұсыныс қыркүйек айында мемлекеттік органдарға жолданып, желтоқсанда Үкіметтің қарауына түседі. Ал 2026 жылдың қаңтарында Мәжіліске енгізіледі деп жоспарланған.

Әлеуметтік зерттеулердің нәтижесіне сүйенсек, қызметкерлердің 30%-ға жуығы жұмыс барысында әдепсіз әрекеттерге тап болған. Елде мұндай жағдайлар орын алған кезде шағым беру мен қорғану тетігі нақты жолға қойылмаған. Сонымен қатар, Қазақстан әлі күнге дейін еңбек саласындағы зорлық-зомбылық пен қысымды жою туралы халықаралық конвенцияны ратификацияламаған. Алайда министрлік бұл бағытта алға қадам жасау қажет деп санайды.

Осы себепті ведомство заңнамаға «жұмыс орнындағы сексуалдық қысым» ұғымын енгізіп, оған қарсы әрекет ету механизмдерін заңмен бекітуді ұсынуда. Жоба сондай-ақ жұмыс берушінің осындай жағдайлардың алдын алуға қатысты міндеттерін нақты көрсетуді көздейді.

Құжат 15 мамырға дейін қоғамдық талқылауға ұсынылған.

2024 жылдың маусымында Қазақстанда қылмыстық жауапкершілікке тартуды көздейтін сексуалдық қысымға қатысты бастамалар дайындалып жатқаны белгілі болды.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар