сенбі, 18 мамыр, 2024 12:48

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Таразда құны 5,5 млн теңге тұратын мефедрон сатқан екі дос ұсталды

Таразда құны 5,5 млн теңге тұратын мефедрон сатқан екі дос ұсталды
Сурет: jambylinfo.kz
Тәртіп сақшылары күдіктілерді ұзақ уақыт бақылаған

Таразда "қара нарыққа" қатысы бар деген қос күдікті ұсталды. Дәлірек айтсақ, қаланың  34 және 32 жастағы тұрғындары есірткі затын саудалап келген, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Жамбыл облыстық полиция департаментінің дерегінше, ұзақ уақыт бойғы жедел-тергеу нәтижесінде есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысы бар 2 азамат ұсталды. Олар синтетикалық есірткіні Тараз қаласында таратқан.

Іздеу шаралары кезінде күдіктілердің бірі үйіндегі жатын бөлмесіне жалпы салмағы 122,37 гр "мефедрон" синтетикалық затын жасырып қойған. Осылайша  330-дан астам доза есірткі тәркіленген. "Тауардың" қара нарықтағы құны 5,5 миллион теңге сомасында бағаланады. 

"Екі жақын дос Тараз қаласында есірткі заттарын сатумен айналысқан. Жедел қызметкерлер оларды ұзақ уақыт бақылады. Есірткі сатушыларды ұстау бойынша арнайы операция олардың тұтынушылармен алдын-ала кезекті «келісімінен» кейін өтті", - деді Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар