сенбі, 18 мамыр, 2024 16:25

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

ММА аңызы Федор Емельяненко Шавкат Рахмонов жайлы пікірін айтты

ММА аңызы Федор Емельяненко Шавкат Рахмонов жайлы пікірін айтты
Коллаж: jambylinfo.kz
Ол Alash Pride FC 96 турнирінің құрметті қонағы болды

Pride FC төрт дүркін чемпионы, RINGS екі дүркін чемпионы, Ресейдің аралас жекпе-жек Одағының бұрынғы басшысы Федор Емельяненко қазақстандық жауынгер Шавкат Рахмонов жайлы пікірін айтты, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Ресейлік спортшы Alash Pride FC 96 турниріне мәртебелі мейман ретінде шақырылған. Спорттық шара аясында ол Нұрсейіт Жылқышыбайдың «Уақыт көрсетеді» ютуб арнасына сұқбат беріп, қойылған сауалдар аясында көп мәселеге қатысты ойын айтты. Сондай-ақ, бірде-бір жекпе-жегінде жеңілмей келе жатқан Шавкат Рахмонов жайлы пікір білдірді.

"Спорттық мансабын жеңіліссіз жалғастыра беруіне тілектеспін. Жігерлі жауынгер. Жетілу үдерісі кенжелемей, алдағы уақытта чемпион атансын",- деді Федор Емельяненко сұқбатта.

Сонымен қатар, ММА аңызы Мемлекеттік Думаның депутаты Евгений Федоровтың Қазақстанның аумақтық тұтастығы туралы арандатушылық сөздеріне түсініктеме берді.

"Қазақстан шекарасы бекітілген ел. Арамызда ақымақтар мен арандатушылар көп. Соның бәріне назар аударуға бола ма?",- деді Ресейдің аралас жекпе-жек Одағының бұрынғы басшысы.

Бөлісу:
Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар