️Таразда полиция қызметкері ауыр қылмыстың алдын алды
- авторСадуақас Айсұлу
- 6 қаңтар, 2025
- 1.0k
Таразда дәмханалардың бірінде пышақ ұстаған ер адам күзетшімен жанжалдасқан. Полиция қызметкері бұзақыны тоқтатып, қылмыстың алдын алды, – деп хабарлайды Jambylinfo.kz https://polisia.kz./ сілтеме жасап.
3 қаңтарда сағат 05:00 шамасында Тараз қаласындағы кафелердің бірінде масаң күйдегі 21 жастағы ер адам мекеме күзетшісімен жанжалдасып қалған. Ол күзетшіге күш көрсетіп, пышақпен дене жарақатын салуға оқталған. Осы сәтте кафеде күшейтілген тәртіпте қызмет атқарып жүрген полиция қызметкері дер кезінде араласып, күзетшіні қорғай отырып, ауыр қылмыстың алдын алу шараларын жүргізді.
Оқиға барысында тәртіп сақшысының оң қолы жарақат алды. Алайда ол өзінің өмірі мен денсаулығына төнген қауіпті елемей, қоян-қолтық тәсілдерін қолданып, басқа азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Жарақатына қарамастан, құқық бұзушыны жедел-тергеу тобы келгенше ұстап тұрған. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
«Жасанды интеллект – заман талабы» - оқытушы
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда “Жасанды интеллект туралы“ жаңа заң күшіне енді
- авторСадуақас Айсұлу
- 18 қаңтар, 2026
ТЖМ Крещение шомылуы кезіндегі қауіпсіздік ережелері туралы ескертті
- авторjambylinfo.kz
- 18 қаңтар, 2026





