Таразда жыр сүйер қауымның басын қосқан VI «Авангард» поэтикалық кеші өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Кілең мықты ақындардың басын қосқан поэзия кешіне Алматыдан ат арылтып арнайы қонақтар да келді.
Жалпы кешке облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов, айтыскерлер және жыршы-термешілер орталығының директоры Ахметжан Өзбеков, Ш. Мұртаза атындағы Руханият және тарихтану орталығының директоры Жасұлан Әбдіхалық, «Анаға тағзым» орталығының басшысы Эльмира Мырза-Ғали және облыстың жас ақындары қатысты.
Осымен алтыншы рет өткізіліп отырған поэтикалық кештің тақырыбы «Құс жолындағы құштарлық» деп аталды. Араға екі жыл салып қайта оралған «Авангард» өзгерістер мен жаңашылдыққа толы болды.
Кеште түрлі сарындағы өлеңдер оқылып, әуезді әндер шырқалды.
Осылайша әулиеаталық жырсүйер қауым рухани ләззат алып, тағылымды кештің куәсі болды.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз