жұма, 13 желтоқсан, 2024 14:20

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

55 млн теңге пара алған: Қызылорда тұрғыны 81 кәсіпкерден қаражат жинады деген күдікке ілінді

55 млн теңге пара алған: Қызылорда тұрғыны 81 кәсіпкерден қаражат жинады деген күдікке ілінді
Фото: inbusiness.kz
Аталған факт бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Бұл туралы ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

«Ол «Даму бала» платформасы арқылы қызмет көрсететін кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптарға сәйкестігін тексеру актілерінен, балалар шығармашылығы және спорт саласында анықталған бұзушылықтарды алып тастау үшін 81 кәсіпкерлік субъектісінен өзінің сенімді тұлғалары арқылы 55 млн теңгеден астам қаражат алған деп күдіктелуде.

Сотпен күдіктіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.

Өзге мәліметтер ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етілуге жатпайды.

ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрқайсысы кінәсіз деп есептеледі.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар