жұма, 27 желтоқсан, 2024 3:28

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда үздік салық қызметкерлері марапатталды

Таразда үздік салық қызметкерлері марапатталды
Сурет:Ашық дереккөзден алынды
Облыста соңғы 10 жылда жергілікті бюджет кірістері төрт есеге ұлғайған

Мемлекеттік кірістер органдарының құрылғанына 10 жыл толуына орай қалалық мәдениет үйінде салтанатты жиын өтті. Оған облыс әкімі Ербол Қарашөкеев қатысып, саланың үздік қызметкерлерін құттықтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Аймақ басшысы  Мемлекеттік кірістер органдары елдің тұрақтылығын айқындайтын негізгі құрылымдардың бірі екенін атап өтті.

"Сіздерді Мемлекеттік кірістер органдарының құрылғанына 10 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймын!
Қандай мемлекет болмасын оның экономикалық әлеуеті мемлекеттік кірістермен, салық жүйесімен тығыз байланысты. Салалық органның ашық және адал қызметінің арқасында өңіріміз бен еліміздің экономикасы, әлеуметтік саласы табысты дамуда. Облыста соңғы 10 жылда жергілікті бюджет кірістері төрт есеге ұлғайды. 2014 жылы бюджет кірісі 37,7 млрд. теңгені құраса, 2023 жылы 151,0 млрд. теңге немесе 113,0 млрд. теңгеге артып отыр. Жалпы, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және қазынасының артуына салық қызметкерлерінің қосып келе жатқан үлесі зор", - деген Ербол Қарашөкеев сала мамандарының еңбегіне табыс тіледі. 

Мұнан кейін облыс әкімінің қолынан бірқатар қызметкерлер  Құрмет грамоталарымен, Алғыс хаттарымен және «Облыс алдында сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілерімен марапатталды.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар