бейсенбі, 21 қараша, 2024 18:11

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Иракта қыздарды 9 жаста күйеуге беру заңдастырылмақ

Иракта қыздарды 9 жаста күйеуге беру заңдастырылмақ
depositphotos
Шенеуніктер некені 9 жастан бастап заңдастыру «әдепсіз қарым-қатынастардан» аулақ болуға көмектесетінін алға тартты

Иракта қыздардың некеге тұру жасын 15-тен 9 жасқа төмендетуді заңға енгізу туралы түзетулер талқылануда., деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Заң жобасын қолдаушылар Ирак Конституциясына сілтеме жасап, исламның дәстүрлері мен қағидаттарына сәйкес әрекет етуге рұқсат етілгенін айтады. Мұсылмандар пайғамбар Мұхаммедтің 9 жасар Айшаға үйленгенін алға тартады.

Шенеуніктердің айтуынша, некені 9 жастан бастап заңдастыру «әдепсіз қарым-қатынастардан» аулақ болуға көмектеседі. Иракта қазір қыздарға тек 18 жастан бастап тұрмысқа шығуға рұқсат етілген. Ал ер балалардың некеге тұру жасын 15 жасқа қысқарту ұсынылған.

Таяу Шығыста жасы үлкен ер адамдардың кәмелет жасына толмаған қыз балалармен шариғат бойынша некеге тұруы жиі кездеседі. Ресми түрде мұндай некеге заңмен тыйым салынғанымен жасөспірімдермен некелесу фактісі азаймай тұр. 

2017 жылы неке жасын 9 жасқа дейін төмендететін «Джафари заңын» қабылдау әрекеті жасалған болатын. Заң шиіт құқықтық мектебі– жафариттер мазһабының негізін қалаушы Джафар ас-Садықтың есімімен аталған. Заң жобасын қолдаушылар исламдық әдет-ғұрыптарды сақтауға мүмкіндік беретін Ирак Конституциясын алға тартты.

Сонымен қатар олар Мұхаммед пайғамбардың 9 жасар Айша есімді қызға үйленгенін мысалға алып отыр. Пайғамбардың амалдары мен сөздері сүннет, яғни әрбір мұсылманға үлгі. Сондықтан Ирактағы мұсылмандар 9 жасар қызға үйленуге ешқандай кедергі көріп отырған жоқ.

Ирактың үйлестіру кеңесі мұсылмандардың шариғат заңына қайшы келмейтін кез келген әрекетті жасауға еркіндігі бар жеке мәртебе туралы заңды қайта қарауға шақырды.

Аталмыш заң жобасы шілденің басында талқылауға шығарылған, бірақ заң шығарушылардың едәуір бөлігі кейін оған қарсы дауыс берді. Шағын түзетулерден кейін парламенттегі шиит партияларының қолдауымен заң жаңа талқылауға шығарылды. Иракта бұл заң жобасына қарсы шығып жатқандар да бар. Егер бұл заң қабылданса, Ирак әлемдік рекорд орнатады. Қазіргі уақытта Камбоджада қыздар 13 жасынан бастап заңды некеге тұра алады.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар