Таразда жазасын өтеушілер Абай күнін атап өтті
Биыл қазақтың жазба әдебиетінің негізін қалаған Абай Құнанбаевтың туғанына 178 жыл. Тәуелсіз елімізде Үкімет қаулысымен 10 тамыз – Абай күні болып бекітілген. Төрт жылдан бері аталып өтілетін айтулы датаға орай өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесіндегі жазасын өтеушілер арасында іс-шара өтті.
Шара барысында сотталған азаматтар хәкім Абайдың өмірбаянымен кеңінен танысуға мүмкіндік алып, оның артында қалдырған ұлы мұрасы жөнінде әңгіме өрбітті. Сондай-ақ, ақынның өлеңдері мен қара сөздерін жатқа оқып, өз өнерлерін де ортаға салды. Шара соңында Абай Құнанбаевтың сөзіне жазылған әндер шырқалды.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала