Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау жұмыстары жалғасуда
- авторСадуақас Айсұлу
- Бүгін, 15:58
- 63
Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы қақтығыс аймағынан қанша Қазақстан азаматы елге оралғаны туралы жаңа деректерді жариялады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Министрліктің Telegram-дағы арнасында жарияланған мәліметке сүйенсек, бүгінге дейін Таяу Шығыс өңірінен елге 9517 қазақстандық қайтарылған.
"Қазіргі уақытта Біріккен Араб Әмірліктерінен, Қатардан және Сауд Арабиясы Корольдігінен азаматтарды эвакуациялау жұмыстары жалғасып жатыр.
Сонымен қатар Сыртқы істер министрлігі Бахрейн, Израиль, Иордания, Иран, Кувейт, Ливан және Оман елдерінен эвакуациялық іс-шараларды аяқтауда", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ хабарламада өңірдегі Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері жергілікті жерде іс-қимылдарды үйлестіруді жалғастырып, отандастарымызбен тұрақты байланыста екені және қажетті қолдауды көрсетіп жатқаны айтылған.






