сәрсенбі, 11 наурыз, 2026 17:12

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Қазсушар» каналдарды реконструкциялау бойынша 7 жоба әзірлеп, 600 млн теңгеге жуық қаржы үнемдеді

«Қазсушар» каналдарды реконструкциялау бойынша 7 жоба әзірлеп, 600 млн теңгеге жуық қаржы үнемдеді
gov.kz
Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Қазсушар» РМК өз күшімен магистральдық каналдарды реконструкциялау бойынша 7 жобаны әзірледі, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Бұл кәсіпорынға 583,2 млн теңге үнемдеуге мүмкіндік берді.

Қазір барлық жоба мемлекеттік сараптамадан өтіп, оң қорытынды алды. Жобалардың алтауы Жамбыл облысының Байзақ және Жамбыл аудандарындағы магистральдық каналдарды бетондау жұмыстарын қамтиды. Ал бір жоба Павлодар облысындағы Қ. Сәтбаев атындағы каналдағы бөгеттердің бірін реконструкциялауға бағытталған.

«Жобаларды кәсіпорын мамандары өздері, үшінші тарапты тартпай-ақ әзірледі. Бұл қомақты қаражатты үнемдеуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар қаржы-шаруашылық қызметті оңтайландыру аясында «Қазсушар» РМК техника паркі 27%-ға жаңартылды. Соның арқасында техниканы жалға алу шығыны 85%-ға қысқарып, оны жөндеуге кететін шығын екі есе азайды», – деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар