сәрсенбі, 11 наурыз, 2026 17:23

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысында сотталғандар мен жастар арасында «телекөпір» ұйымдастырылды

Жамбыл облысында сотталғандар мен жастар арасында «телекөпір» ұйымдастырылды
Фото - ашық дереккөз
Кездесу барысында студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, сотталған азаматтардың жауаптарын тыңдады.

«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде кәмелетке толмағандар мен жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ құқықтық мәдениетті қалыптастыру мақсатында 58-түзеу мекемесінің сотталған азаматтары студенттердің қатысуымен «телекөпір» форматында кездесу ұйымдастырылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Іс-шара барысында сотталған азаматтар өз өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, жасаған қателіктері мен оның салдары туралы ашық әңгімеледі. Олар жастарды заң талаптарын сақтауға, дұрыс өмірлік таңдау жасауға және құқық бұзушылықтан аулақ болуға шақырды.

Мұндай форматтағы ашық диалог жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай профилактикалық іс-шаралар жасөспірімдер арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және қоғамда заң үстемдігін нығайтуға оң ықпал етеді.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар