жұма, 20 қыркүйек, 2024 4:00

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Театр және кино актері Сейтімбет Үсіпхан қайтыс болды

Театр және кино актері Сейтімбет Үсіпхан қайтыс болды
Сурет: Ашық дереккөзден алынды
Суыт хабарды Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының баспасөз қызметі хабарлады

"Мәдениет саласының үздігі" медальінің игегері Сейтімбет Үсіпхан дүниеден өтті деп хабарлайды jambylinfo.kz. 

Актердің неден қайтыс болғаны белгісіз.

Еске салайық, Үсіпхан Әбдікерімұлы 1960 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Келес ауданы, Игілік ауылында дүниеге келген. 

1979 жылы Республикалық Эстрада-өнер студиясын бітіріп, Алматы облыстық филармониясына жұмысқа қабылданды.

1983 жылы Т. Жүргенов атындағы Театр және көркемсурет институтына оқуға түсті.

1999 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданды.

«Желтоқсан көтерілісінің» қаһарманы, «Құрмет» орденінің иегері (2019ж.), "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл" мерекелік медалінің иегері (2016ж.), "Мәдениет саласының үздігі" медалінің иегері (2018ж.).

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар