Байзақтағы жарылыс: Мемлекет кінәлілерден 25 млрд теңгеден аса қаржы өндіріп алды
- авторjambylinfo.kz
- 10 қыркүйек, 2024
- 390
Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің төрт жауапкерден 25 093 038 236 теңге келтірілген материалдық залалды мемлекет пайдасына өндіру туралы талап қоюы бойынша істі қарады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Еске салайық, 2021 жылдың 26 тамызында сағат 18:40 шамасында Жамбыл облысы Байзақ ауданы Қайнар жол торабында орналасқан Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің №28349 әскери бөлімінің инженерлік оқ-дәрілер қоймасының бірінен өрт шығып, одан кейінгі жарылыстарға әкеліп соқтырған еді. Нәтижесінде 18 адам қаза тауып, бірнеше адам зардап шегіп, сондай-ақ мемлекет пен жеке тұлғаларға аса ірі мөлшерде залал келтірілген.
Жауапкерлердің кінәсі Шымкент гарнизонының әскери сотының 2023 жылғы 20 қазандағы және Қазақстан Республикасы Әскери сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 13 наурыздағы заңды күшіне енген апелляциялық сот актілерімен дәлелденген.
- Жауапкерлер әскери бөлімнің техникалық аумағында №14 инженерлік оқ-дәрілерді сақтау қоймасында өрт шығуына жол бергендері, яғни олардың іс-әрекеттерінен аса ірі мөлшерде шығын келгені сотпен анықталғандықтан, келтірілген материалдық залалды ортақтасқан түрде 23 764 530 881 теңге көлемінде мемлекет пайдасына өндіру туралы шешім қабылданды.Талаптың 1 328 507 355 теңге өндіру туралы бөлігі дәлелдер болмауына байланысты қанағаттандырусыз қалдырылды,- делінген хабарламада.
Шешім заңды күшіне енген жоқ.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз