Бүгін Ш.Уалиханов атындағы Жамбыл облыстық ғылыми - әмбебап кітапханасында «Тekturmas”журналының тұсаукесер рәсімі өтті,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жиында алғаш боп сөз алған Мәлік Отарбаев қазақ баспасөзінің рөлі жөнінде сөз қозғап, журналдың жұмысына сәттілік тіледі.
Бұдан кейін Серік Сәлемов өңірдің әдеби өміріндегі жаңашылдықтары жайында айтып, басылым көзіқарақты оқырман мен зиялы қауым арасындағы байланысты нығайта түсетініне сенім білдірді.
Қазақтың бай тарихы мен рухани мұрасын дәріптеу жолында жарық көріп отырған «Тектұрмас» журналы –терең мағына арқалаған басылым болады деп сенеміз. Журналдың мақсаты – ұлт тарихын, әдебиеті мен мәдениетін, ғылымын,ұлттық болмыс пен заманауи ой-толғамдарды ұрпақ санасына сіңіру. Бұл бағытта еңбек етіп жатқан шығармашылық ұжымға алғысымды білдіремін. «Тектұрмас» журналы – Жамбыл өңірінің рухани тынысын кеңейтіп, ел ішіндегі дарынды қаламгерлерге, жас зерттеушілер мен өнер иелеріне жаңа мүмкіндіктер ашатын алаң,- деді Серік Сәлемов.
Сонымен қатар елге белгілі бірқатар қаламгер салтанатты рәсімге орай құттықтауларын айтып, басылым ұжымына табыс тіледі.