жұма, 25 сәуір, 2025 9:47

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Гарвард оқытушылары Трамп әкімшілігін сотқа берді

Гарвард оқытушылары Трамп әкімшілігін сотқа берді
studylab.ru
Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады

Гарвард университетінің профессорлары АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігін сотқа берді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Олар үкіметті университетке саяси қысым жасап, сөз бостандығына араласты деп айыптап отыр. 

 Айыптауға себеп – Ақ үйдің университетке бөлінген шамамен 9 миллиард долларлық мемлекеттік гранттар мен келісімшарттардың қалай жұмсалып жатқанын тексеру туралы шешімі болды.

Шағымды Гарвард оқытушылары АҚШ Университеттік оқытушылар қауымдастығымен (AAUP) бірлесіп түсірген. Олардың пікірінше, билік жаңа әкімшіліктің саяси ұстанымдарын университетке зорлап таңуға тырысуда. Ал қаржыландырудан айыру қаупі – қысым жасау құралы ретінде қолданылып отыр.

Тексеруді үш бірдей ведомство бастаған: Білім министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі және АҚШ Жалпы қызметтер әкімшілігі. 31 наурызда олар Гарвардқа арнайы хат жолдап, бірқатар талап қойды. Егер бұл талаптар орындалмаса, университет мемлекеттік қолдаудан айырылуы мүмкін. Талаптар арасында:

митинг кезінде маска тағуға тыйым салу (масканы көбіне про-палестиналық шеруге қатысушылар тағады);

инклюзия бағдарламаларын қысқарту;

құқық қорғау органдарымен ынтымақтастықты күшейту;

антисемитизмге жол береді деген ішкі құрылымдарды қайта қарау міндеті бар.

Трамп әкімшілігі бұл әрекетін 1964 жылғы Азаматтық құқықтар туралы заңның 6-бабымен түсіндіреді. Бұл заң мемлекеттік қаржыландыру алатын ұйымдарда кемсітушілікке тыйым салады. Алайда оқытушылар мұны университет саясатына тікелей араласу және сөз бостандығын шектеу деп есептейді.

Қазіргі уақытта АҚШ Әділет министрлігі де, Гарвард университеті де бұл жағдайға қатысты ресми пікір білдірген жоқ.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар