«Томирис» Түркияда көрсетіледі
Ыстанбұл қаласында режиссер Ақан Сатаевтың «Томирис» фильмінің премьерасы өтті. Тарихи драманың бауырлас елдегі алғашқы көрсетіліміне фильмнің режиссері Ақан Сатаев пен басты рөлді сомдаған Альмира Тұрсын арнайы қонақ болды.
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында ұйымдастырылған премьераға Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы мен Ыстанбұлдағы Бас консулы Әлім Байел, Түркияның саясаткерлері, жергілікті зиялы қауым және қазақ диаспорасының өкілдері қатысты.
Ұлы дала тарихынан сыр шертетін отандық фильм 3 қыркүйектен бастап Түркиядағы екі жүзден астам кинотеатрларда көрсетілетін болады.
Тәуелсіздікке арналған мерекелік іс-шаралардың жалғасатынын айтқан Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулы Ә.Байел «Томирис» кинокартинасының Түркияның мәдени өміріндегі үлкен оқиғаға айналып, бауырлас халықтарды одан сайын жақындата түсетініне сенім білдірді.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Тәлібтер Панджшерді бағындыра алды ма?
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Педагог категориясының өсуі жалақыға қаншалықты әсер етеді?
- авторjambylinfo.kz
- 24 қараша, 2024