Трамп Байденнің балаларына арналған мемлекеттік қорғауды қажетсіз деп таныды
- авторjambylinfo.kz
- 18 наурыз, 2025
- 72

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Джо Байденнің ұлы Хантер мен қызы Эшлиге берілген мемлекеттік қорғауды тоқтату туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Трамптың айтуынша, Хантердің қауіпсіздігін 18 агент, ал Эшлиді 13 агент күзеткен. Ол мұны салық төлеушілерге артық салмақ түсіретін шығын деп санайды. Сондай-ақ, Хантер Байденнің қазір "қауіпті" саналатын Оңтүстік Африкада жүргенін және шетелдегі қорғау мемлекетке қосымша шығын әкелетінін атап өтті.
"Біз Ақ үймен бірлесе жұмыс істеп, бұл мәселені мүмкіндігінше тезірек шешуге тырысамыз", – деді АҚШ құпия қызметінің өкілі Энтони Гульельми.
АҚШ заңдарына сәйкес, бұрынғы президенттер мен олардың жұбайлары өмір бойы мемлекеттік қорғауға ие. Ал олардың ересек балаларына бұл қызмет тек президенттік мерзім аяқталғаннан кейін белгілі бір уақытқа ғана беріледі. Осыған байланысты, Джо Байден 2024 жылы қызметінен кетер алдында балаларының қауіпсіздігін шілдеге дейін ұзартқан болатын. Бұған дейін дәл осындай қадамды Дональд Трамп та өз балалары үшін жасаған еді.
Айта кетейік, Байден президенттік мерзімі аяқталар алдында заңсыз қару сақтау және салық төлеуден жалтару айыбы тағылған ұлы Хантер Байденге рақымшылық жасаған болатын.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Сарысу ауданында заманауи компьютерлік томограф іске қосылды
- авторjambylinfo.kz
- 18 наурыз, 2025