Ветеринарлардың жалақысы өседі – АШМ министрі
Бұл туралы Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты.
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ветеринария жүйесіне түбегейлі реформа жүреді.
Біріншіден, мемлекеттік монополия функцияларының бір бөлігін бәсекелі ортаға беру жоспарланып отыр. Бұл осы салаға жеке капитал тарту үшін қажет», деді Е. Қарашөкеев.
Министрдің айтуынша, ветеринария жұмысы цифрлық форматқа көшіріледі. Сол арқылы эпизоотиялық ахуалды қадағалап, мал шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар цифрландыру арқылы ветеринарларды қағазбастылықтан босату жоспарланған.
«Осылайша, олар негізгі функциясын орындауға көбірек мүмкіндік алады. Сонымен қатар орталық және жергілікті атқарушы органдардың ветеринариялық қызметі арасында өкілеттік нақты бөлінетін болады», деді министр
Сондай-ақ ветеринарлардың жалақысын көтеру мәселесі қаралып жатыр. Бұл бастамаларды іске асыру үшін ветеринария саласындағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар әзірленеді.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Педагог категориясының өсуі жалақыға қаншалықты әсер етеді?
- авторjambylinfo.kz
- 24 қараша, 2024