Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Кселл, Tele2/Altel және Beeline секілді ұялы байланыс операторларына қатысты 2023 жылы тарифтердің келісілген түрде көтеруі бойынша тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz qazaqstantv телеграмм арнасына сілтеме жасап.
«Қазіргі уақытта ұялы байланыс операторлары қабылданған шараларға қатысты шағым түсірді. Осыған байланысты тергеу сот шешім қабылдағанға дейін тоқтатылды», делінген хабарламада.
Бұдан басқа «КаР-Тел» ЖШС мен «Қазақтелеком» АҚ-ға қатысты үй интернетінде үстем жағдайды теріс пайдалану бойынша тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Сондай-ақ ведомство 2024 жылғы желтоқсаннан бастап тарифтерді көтеру жөніндегі операторлардың хабарларынан кейін ұялы байланыс операторларына қолданыстағы заңнаманы бұзуға жол бермеу туралы ескерту жіберді.
Мәжілісте қыз алып қашу мәселесі көтерілді
Ұқсас жаңалықтар
"Бокстан АЧ": 5 баланың анасы жамбылдық Әйгерім Сәттібаева - жартылай финалда
- авторjambylinfo.kz
- 4 желтоқсан, 2024