Елімізде
Елімізде неонаталдық өлім-жітім 4 есеге азайған
- авторМағжан Орынбасар
- 4 желтоқсан, 2024
- 433
Бұл туралы жауапты мамандар мәлімдеді
Әр түрлі бағдарламалардың нәтижесінде соңғы 10 жылда елімізде балалар өлімі 40%-ға, нәресте өлімі - 65%-ға, неонаталдық өлім - 50%-ға төмендеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
«Бұл көрсеткіштерді БҰҰ қорлары бағалады. Қазақстанның орнықты дамудың үшінші мақсатының халықаралық индикаторларына мерзімінен бұрын қол жеткізгені мойындалды. Денсаулық сақтау министрлігі балаларымызға медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын одан әрі жақсартуға ниетті», - деді ҚР ДСМ Ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстел барысында.
Келесі мақала