"Әйелдер достығының символы". Динара Сатжан Баян Мақсатқызына ойланбастан 5 миллион бере алады
- авторjambylinfo.kz
- 18 мамыр, 2024
- 1.4k
Танымал продюсер Баян Мақсатқызы "Без мишуры" жобасына сұхбат беріп, онда отбасы, тұрмыстағы зорлық-зомбылық, әйелдер достығы туралы сыр шерткен, -деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Сұхбат барысында жоба жүргізушісі Виктория Новичкова Баян Алагөзовадан сенім арта алатын достары туралы сұрап, оның бірінен дәл қазір 5 миллион теңге сұрауын өтінген.
Продюсер көп ойланбай бірден көп жылдан бергі досы Динара Сатжанға хабарласып, 5 миллион теңге сұраған.
Ал Динара Сатжан досының өтінішін жерге тастамай, сол сәтте оның есеп шотына 5 миллион теңгені аудара алатынын айтқан.
Әлеуметтік желілерде кеңінен тарап жатқан видеоға көпшілік жылы сөздерін жазып, "Баян мен Динара әйелдер достығының символы" деп пікір қалдырған.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
«1 млн. 107 600 теңге»: Жамбылдық ұстаздар ақшалай сыйақыға ие болды
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024