бейсенбі, 26 желтоқсан, 2024 14:34

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Асылым, қайдасың?". Түркістан облысында жоғалған үш жасар қыз іздестірілуде

"Асылым, қайдасың?". Түркістан облысында жоғалған үш жасар қыз іздестірілуде
Сурет: Гүлмира Әбіқайдың әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды
Балақайдың із-түссіз жоғалғанына 2 тәуліктен асқан.

3 жасар Асылымның жоғалып кеткені туралы журналист Гүлмира Әбіқай кеше кешке әлеуметтік желідегі парақшасына жариялаған. Екі тәулік бойы полиция қызметкерлері мен ауыл тұрғындары баланы іздеп жатыр,- деп хабарлайды jambylinfo. kz. 

"Асылым әлі табылмай жатыр. Таңертең кішкентай қыздың жоғалғанына 48 сағат болады. Үйдің үлкендері таңғы асты ішіп біткен сәтте кішкентай қыз  ізі-қайым жоғалды. Түркістан облысының Сарыағашқа жақын Сіргелі ауылы. Шағын ауыл жоқ іздеп өре түрегелді. Бір көшеде өзі 17-ақ үй; септик, құдық, жертөле, шұңқыр бәрі қаралды, – деп жазды ол. 

Гүлмира Әбіқайдың жазуынша, Асылымның отбасы белгілі экстрасенстің қызметіне жүгінген.

Экстрасенс: “Алысқа бармаңдар, сол ауыл шетіндегі су шұңқыр, (подвалды) қараңдар” деген.

"Түн тыныштығын берсін! Жақсы хабар естиікші! Бір әулеттің қуанышы, отбасындағы 5 баланың кенжесі Асылым дін-аман табылса екен, – деп жазады журналист.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар