«Әйелдер имам бола ала ма?»: Халықаралық заңгер әйелдерге имам болуға шектеу жоғын айтты
- авторjambylinfo.kz
- 12 шілде, 2024
- 830
Халықаралық заңгер Әйгерім Құсайынқызы сұхбаттарының бірінде қасиетті Құран Кәрім әйелге имам болуға шектеу қоймайтынын айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz. ulysmedia.kz сілтеме жасап.
Заңгердің айтуынша, Германияда имам әйел бар екен.
“Мысалы, Германияда имам әйел бар. Күзетшілермен жүреді. Ол Құранда тыйым салынбаған, әйелге имам болма деген сөз жоқ дейді. Мен әйелмін, имам бола аламын деді, имам болды. Бірақ оған көп адам киллер жалдап, өлтірмекші болды. Сондықтан ол күзетшілермен жүреді. Яғни, дін өзгеріп жатыр дегенде біз дінге қатып қалған аксиома емес, оған біз сыни тұрғыда қарауымыз керек. Неге деген сұрақты қоюымыз керек”, – дейді заңгер.
Сондай-ақ, Әйгерім Құсайынқызы исламда әйелдерді имам етпеудің астырында үлкен саясат жатқанын алға тартқан.
«Әйел имам болса, әйел теңдігін айтады, әйел өзінің құқығын білген сайын ажырасу көбейеді, ажырасу көбейген сайын халық азаяды, халық азайса, соғысатын адам болмайды, сондықтан саяси тұрғыда оның себептері көп. Исламда әлі біз қатпарын ашпаған дүние көп дейді»,-деген ол.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
«Өрт көбейді». Жамбылда биыл 21 өрт оқиғасы болды
Ұқсас жаңалықтар
«1 млн. 107 600 теңге»: Жамбылдық ұстаздар ақшалай сыйақыға ие болды
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024