жұма, 20 қыркүйек, 2024 6:05

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бүгін Ақтөбеде өртенген дүкен ішінде балалар болған

Бүгін Ақтөбеде өртенген дүкен ішінде балалар болған
Фото - ашық дереккөзден
Жалпы өрттен 7 адам құтқарылған

Бүгін  Ақтөбе қаласында тоғыз қабатты үйдің төменгі қабатындағы дүкеннен өрт шықты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
ТЖМ қызметкерлері 7 адам құтқарды. Оның ішінде 3 бала, жоғарғы қабаттардан 5 бала және 11 ересек эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.

«Тоғыз қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы азық-түлік дүкенінде 4 шаршы метр алаңда тоңазытқыш өртенді. Құтқарушылардың жедел іс-қимылдарының арқасында өрт шақыру түскен сәттен бастап 20 минут ішінде жойылды»,—делінген хабарламада.

Бөлісу:
Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар