сәрсенбі, 19 ақпан, 2025 18:56

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Үйінде аса ірі көлемде есірткі сақтаған Шу қаласының тұрғыны ұсталды

Үйінде аса ірі көлемде есірткі сақтаған Шу қаласының тұрғыны ұсталды
Сурет: Жамбыл облыстық ПД
Ол 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

 Шу қаласының 41 жастағы тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол есірткі заттарын аса ірі мөлшерде заңсыз дайындады және сақтады деп күдікке ілінген, деп хабарлайды Jambylinfo.kz. 

Жамбыл облысының Полиция департаментінің хабарлауынша,  ер адамның үйін және іргелес аумақтарды тінту кезінде есірткі қойылған бірнеше жасырын орындар анықталған.  

Сараптама нәтижелеріне сәйкес, табылған заттар салмағы 2 келіден асатын гашиш және 23 грамнан астам кептірілген марихуана болып шықты.Күдікті есірткіні әйелі мен кәмелетке толмаған үш баласы бола тұра бірге тұратын үйлерінде сақтаған. Есірткіні өңдегеннен кейін қалған қалдықтарын жақын жерде кішкентай балалар ойнап жүргеніне қарамастан, бақшасында өртеп жіберген.  Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Есірткіні аса ірі мөлшерде сақтағаны үшін 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы ықтимал",-деліген департаменттің хабарламасында. .

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар