бейсенбі, 27 наурыз, 2025 21:23

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қырғызстан 2035 жылға дейін сыртқы қарызынан толық құтылуды жоспарлап отыр

Қырғызстан 2035 жылға дейін сыртқы қарызынан толық құтылуды жоспарлап отыр
Фото: kabar.kg
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров жергілікті БАҚ-қа берген сұхбатында елдің сыртқы борышын толық өтеу жоспары бар екенін мәлімдеді

Қазіргі таңда Қырғызстанның сыртқы қарызы 4,5 миллиард долларды құрайды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

"Біз сыртқы қарыздан қауіптеніп отырған жоқпыз. 2020 жылға дейін алаңдауға негіз болды. Сол кезде бюджет 250 миллиард сом шамасында, ал жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) 700 миллиард сомға жуық еді. Бүгінде бюджет 700 миллиард сомға жетті, ЖІӨ 1,5 триллион сомнан асты. Алтын-валюта резервтері 6 миллиард долларға жетті, ал 2020 жылы бұл көрсеткіш 2 миллиард доллар ғана болған", – деді Жапаров.

Оның айтуынша, елде несиелерді мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігі бар, алайда бұл экономикалық тұрғыдан тиімді емес.

"Мен сыртқы қарызды бірден өтеу туралы да ойландым. Бірақ экономикалық тұрғыдан бұл бізге тиімсіз. Сол себепті біз несиені бекітілген кесте бойынша төлейміз. Негізгі сыртқы қарызымызды 2035 жылға қарай толық өтейміз. Бұл біз үшін үлкен мәселе емес. Ал ішкі қарыз соммен төленетіндіктен, одан қауіп жоқ. Оны реттеудің бірнеше жолы бар", – деп түсіндірді президент.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар