бейсенбі, 20 ақпан, 2025 23:34

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қызы өз анасына қайнаған су құйып өлтірді

Қызы өз анасына қайнаған су құйып өлтірді
Фото - ашық дереккөз
Анасы жиі жуынатыны үшін ашуланған.

 Қызы коммуналдық төлемдерді үнемдемегені үшін анасына қайнаған су құйған, деп хабарлайды  Jambylinfo.kz el.kz сілтеме жасап.

Gazeta.Ru мәліметінше, 34 жастағы Барнаул тұрғыны анасымен жанжалдан кейін кек алуды мақсат еткен.

Қаңтар айында олар коммуналдық қызметтердің тарифы көтерілуіне қарамастан, анасының жуынатын бөлмеге жиі баратыны үшін ұрысып қалған. Осыдан кейін, анасының ваннада отырған сәтін пайдаланып, қызы шәугіммен қайнаған су құйған. Нәтижесінде әйел қатты күйік алды.

Жәбірленуші ауруханаға жеткізілгенмен, бірнеше күннен кейін жүрегі тоқтап қалған. Күдікті ұсталды, қазір ол қамауда. Ол 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар