Қызылордада "ҚазАвтоЖол" қызметкері жұмыс істеп тұрғын жерінде қаза тапты
- авторjambylinfo.kz
- 13 ақпан, 2024
- 452
Бірнеше күн бұрын Самара-Шымкент автожолының 1285 шақырымында болған жол апатынан қызметін атқарып жүрген "ҚазАвтоЖол" маманы қаза тапты, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Компанияның баспасөз қызметі хабарлағандай, жол апатынан қаза тапқан адам - «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Қызылорда облыстық филиалының бас маманы Сақтапберген Сыдықов.
"Оқиға «Самара-Шымкент» автожолында Арал ауданы, Сазды ауылы маңында қозғалыс қайта жанданған уақытта болған. Қатты жылдамдықпен келген Toyota Alphard көлігі жол бойында тоқтап тұрған көлікке соқтығысқан, сол уақытта автокөлік ішінде компания қызметкері жұмыс істеп отырған. Салдарынан ол тілге келместен сол жерде жан тапсырды. Марқұм Қызылорда облыстық филиалының бас маманы болып, компанияда 6 жылдан астам жұмыс істеп, өзін адал, кәсіби қызметкер ретінде танытты. Сақтапберген Сыдықовтың артында төрт баласы мен жары қалды", - дейді қаралы хабар таратқан компанияның баспасөз қызметі.
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ марқұмның артында қалған отбасына компания тарапынан барлық қажетті қаржылық қолдау жасалатынын атап өтті.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Алаяқтар ата-аналардан баласының атын жамылып ақша сұраған
- авторСадуақас Айсұлу
- 14 қараша, 2024