бейсенбі, 10 шілде, 2025 18:11

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Зарина Дияс Испаниядағы турнирдің жеңімпазы атанды

Зарина Дияс Испаниядағы турнирдің жеңімпазы атанды
prokzsport
Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Таусте қаласында өткен ITF W35 санатындағы турнирде әйелдер арасындағы жекелей сында чемпион атанды.

Финалда ол Италия өкілі Дилетта Черубинимен кездесіп, тартысты матчта 6:1, 6:7 (4:7), 6:1 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Бұл жеңіс Зарина үшін халықаралық ареналардағы кезекті табысты нәтижелерінің бірі саналады. Турнир барысында ол жоғары деңгейдегі шеберлігін, мықты дайындық пен жеңіске деген жігерін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Арайлы Жақсылық
Автор

Арайлы Жақсылық

Арайлы Жақсылық

Ұқсас жаңалықтар