дүйсенбі, 14 шілде, 2025 21:02

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жыл басынан бері 51 ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты қылмыстық іс қозғалды – ІІМ

Жыл басынан бері 51 ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты қылмыстық іс қозғалды – ІІМ
ІІМ
Бұл жолы алғаш рет трансұлттық қылмыстық ұйымдардың өкілдеріне қатысты қылмыстық қудалау жүргізіліп жатыр, деп хабарлады ҚР Ішкі істер министрлігі.

Ұйымдасқан қылмыстық топтардың (ҰҚТ) құрамында болғаны үшін шамамен 150 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып, олардың басым бөлігі нақты бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Кейбіріне 20 жылға дейін түрме жазасы берілген.

ІІМ-нің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс бір қылмыстық топтың ісін ерекше атап өтті. Ол топ өз қызметін күзет мекемесі ретінде бүркемелеп, шын мәнінде қару сақтаумен және бопсалаумен айналысқан.

«Бұған қоса, трансұлттық сипатқа ие жеті ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты іс тергеліп жатыр. Сонымен қатар, бір қылмыстық қауымдастықты құру фактісі бойынша іс қозғалды», – деді ол.

Соңғы екі жылда ұйымдасқан қылмыстық топты құру, оған басшылық ету және қатысу фактілері бойынша 90-нан астам қылмыстық іс аяқталып, сотқа жолданған.

Олардың 13-і бойынша сот үкімі шығарылды. 130-дан астам тұлға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді, кейбірі 20 жылға дейін түрмеге қамалды.

«Qarmet» АҚ нысандарынан ұрлық жасаған ҰҚТ-ға қатысты көпэпизодты іс аясында 24 адам түрлі мерзімге сотталды. Аталған топтың жетекшісі 12 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бөлісу:
Арайлы Жақсылық
Автор

Арайлы Жақсылық

Арайлы Жақсылық

Ұқсас жаңалықтар