Зерттеу нәтижелері: Жер ядросы 15 жылдан соң тоқтауы мүмкін
- авторАрайлы Жақсылық
- 20 ақпан, 2025
- 1.3k

Жуырда ғалымдар: "ядро пішінін өзгертіп, бұрынғыға қарағанда баяу қимылдай бастады" деген тоқтамға келді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Nature журналындағы мақалаға сүйенсек, ғалымдар бұл тұжырымға ішкі ядродағы сейсмикалық толқындарға жүргізілген талдау нәтижелерін көрген соң келген.
Ғалымдар 1991 жылдан 2023 жылға дейін Оңтүстік Атлантикадағы Оңтүстік Сандвич аралдарында қайталанған 121 жер сілкінісін зерттеген. Олар ішкі ядро бірдей қалыпқа келген сәттердегі жер сілкіністерін салыстырған.
Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, Жердің ішкі ядросы өз айналу жылдамдығын немесе пішінін өзгерте алады. Соңғы ондаған жыл ішінде ядро алдымен Жердің қалған бөлігінен жылдамырақ айналса, кейін баяулай бастаған.
Ядро шекарасының жанындағы өзгерістер, болжам бойынша, мантиядағы тығыздық аномалиялары мен ядро шекарасының бедері арасындағы байланыс нәтижесінде пайда болған деформацияға байланысты.
Жердің ішкі ядросының айналу жылдамдығы тәулік ұзақтығына әсер етуі мүмкін
Ғалымдардың зерттеуіне сәйкес, ішкі ядроның айналу жылдамдығындағы өзгерістер Жердегі тәуліктің ұзақтығына аздап ықпал етуі мүмкін. Болжамдарға сүйенсек, 2040 жылға қарай ішкі ядро толық тоқтайды.
Алайда, кейін ол қайтадан Жермен бір бағытта айнала бастайды. Бұл құбылыс Жердің терең қабаттарындағы күрделі динамикалық процестермен байланысты және ғалымдар оның ұзақ мерзімді әсерлерін зерттеуді жалғастыруда.