дүйсенбі, 17 наурыз, 2025 0:06

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Самұрық-Қазына" өкілі тікелей эфирде сенатордан сөз естіп қалды

"Самұрық-Қазына" өкілі тікелей эфирде сенатордан сөз естіп қалды
NewTimes.kz
Сенаттың тікелей эфирде өткен отырысында сенатор Сұлтанбек Мәкежанов «Самұрық-Қазына» қорының өкілін кешіккені үшін қатаң сынға алды.

Сенаттағы дөңгелек үстел отырысына қордың Жекешелендіру және активтерді қайта құрылымдау департаментінің директоры Дастан Адиходжаевтың кеш келуі сенатордың сынына себеп болды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz ақпараттық порталы Newtimes.kz-ке сілтеме жасап. 

«Сіз кешігіп келіп, ал өзгелер уақытында келсе, бұл қол астыңыздағылар да осындай тәртіппен жұмыс істейтінін көрсетеді», – деді Мәкежанов.

Бұдан кейін сенатор қордың Президент тапсырмаларын орындаудағы төмен тәртіп деңгейін де сынға алды.

«Самұрық-Қазына» бұл мәселеге салғырт қарады. Ескерту жасаймын, басшылыққа жеткізіңіз – арнайы хат дайындалады», – деп ескертті ол.

Өз кезегінде Дастан Адиходжаев кешігу себебін түсіндіруге тырысты.

«Мен дәлізде тұрдым, кейін алтыншы қабатқа кетіп қалыппын...» – деді ол.

Алайда бұл жауап сенатордың көңілінен шықпады.

« Жұмыс тобы үш рет жиналды, бірақ сіздердің өкілдеріңіз қатыспады. Бүгін тек сағат үште ғана жартылай толық емес ақпарат келіп түсті. Сондықтан бұл туралы басшылыққа жеткізіңіз», – деп қосты Мәкежанов.

Дастан Адиходжаев жұмыс тобының бір отырысына қатысқанын айтқанымен, сенатор сөзін аяқтатпай, бөліп жіберді.

«Бізге түсіндірме жазба беріңіз. Ал қазір негізгі тақырыптан ауытқымайық», – деп сенатор сөзді басқа спикерге берді.

Арайлы Жақсылық
Автор

Арайлы Жақсылық

Арайлы Жақсылық

Ұқсас жаңалықтар