жексенбі, 23 наурыз, 2025 23:28

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жаңа Энергетика министрі тағайындалды

Жаңа Энергетика министрі тағайындалды
Фото: primeministr.kz
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді

Президент жарлығымен Ерлан Ақкенженов энергетика министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

«Мемлекет басшысының жарлығымен Ерлан Құдайбергенұлы Ақкенженов Қазақстан Республикасының энергетика министрі лауазымына тағайындалды»,  деп хабарлады Ақорда. 

Ерлан Ақкенженов 1979 жылы дүниеге келген. Алматы қаласының тумасы. «Әділет» жоғары құқық мектебін және «Астана» университетін бітірген. Ол еңбек жолын 2002 жылы жеке меншік ұйымда бас маман болып бастаған.

Ерлан Ақкенженов 2004-2012 жылдары мұнай саласындағы кәсіпорындарда басшылық лауазымдарда болды.

2012-2016 жылдары KPMG International (Rompetrol) компаниясында бас менеджер, трейдинг жөніндегі аға басқарушы директор болып жұмыс істеді.

2022 жылғы шілде айынан бастап қазіргі уақытқа дейін «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мұнай өнімдері маркетингі басқармасының бастығы болып қызмет етті.

 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар